Жаңалықтар

АКАДЕМИЯНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ СПАРТАКИАДА

2024 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы Академияның 30 жылдық мерейтойына орай Спартакиада ұйымдастырды. Спартакиада мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметкерлері, азаматтық қызметшілер мен Академия түлектері арасында өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Жарыстар минифутбол, шахмат, үстел теннисі және волейбол сияқты спорт түрлері бойынша өткізілді.

Нәтижесінде, минифутболдан:
І орын – «Атырау пайдалану локомотив депосы» командасы;
ІІ орын – «QAZAQ GAZ AIMAQ» командасы;
ІІІ орын – «Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті» командасы.

Волейболдан:
І орын – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» командасы;
ІІ орын – «Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті» командасы;
ІІІ орын – «Атырау пайдалану локомотив депосы» командасы.

Шахматтан:
І орын – Суранчиев Абылай (NCOC);
ІІ орын – Ибраев Мақсотқали (Халық Банк);
ІІІ орын – Тулеуова Гүлнұр (АНПЗ).

Үстел теннисінен (қыздар арасында):
І орын – Утепбергенова Мадина (KPI);
ІІ орын – Имангалиева Салтанат (Қазтеміртранс);
ІІІ орын – Жумалиева Ерсин (Атырау пайдалану локомотив депосы).

Үстел теннисінен (ерлер арасында):
І орын – Тен Владислав (АНПЗ);
ІІ орын – Аймақов Мейрамбек (Marrine Support Services);
ІІІ орын – Сисенов Амандық (Мақат ауданы әкімдігі).

Жарыс нәтижелері бойынша жеңімпаз командалар салтанатты түрде марапатталды. Іс-шара спортқа деген қызығушылықты арттыруға, сондай-ақ әріптестер арасында тығыз байланыс орнатуға зор үлес қосты.