Алғыс айту күні мейірімділік, достық, азаматтардың бір-біріне ризашылығын білдіруі, өзара көмек көрсетуі секілді адами құндылықтарды дәріптейді. Осы мақсатта Филиал «Алғысымыз шексіз…» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Аталған іс-шарада Филиал директоры Еркебұлан Серікұлы қызметкерлер мен семинар тыңдаушыларын мерекемен құттықтап, алғысын білдірді.
Шара аясында Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының әншісі Жұмабаева Гүлмира ән айтып, семинар тыңдаушылары өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram