Жаңалықтар

Ашық аспан астында өткен дәріс

“Б” корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсының қатысушылары бүгінгі сабақтың бір бөлігін ерекше форматта, ашық аспан астында саябақта өткізді.

Дәріскеріміз педагогика, психология пәнінің аға оқытушысы, психолог, доцент Ғайни Тукеновна семинар тыңдаушыларына әр түрлі психологиялық ойын, тренинг ұйымдастырды.

Тыңдаушыларымыз сабақ соңында бір-біріне тілек айтып, алғыстарын білдірді.
 
Қайта даярлау курсының қатысушыларына алдағы жоба қорғауда сәттілік тілейміз!