Жаңалықтар

АШЫҚ ҮКІМЕТ ЖӘНЕ ЖАҢА БАСҚАРУ МӘДЕНИЕТІ: ЕСТУ, ТҮСІНУ, ӘРЕКЕТ ЕТУ

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында «Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» тақырыбында , ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен және Астана мемлекеттік қызмет хабының қолдауымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.

Конференцияның мақсаты – мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін талқылау және практикалық ұсыныстар әзірлеу, оның ішінде «Ашық үкіметті» енгізудің үздік тәжірибелерін зерделеу, Invisible Government – мемлекеттік қызметті цифрландырудың негізгі аспектілерін талдау, мемлекеттік қызметте HR-менеджментті дамыту, азаматтық қоғам, бизнес және мемлекет арасындағы ашық диалогты нығайту.
 
Сонымен қатар, әлеуметтік-мәдени саланы субсидиялау жүйесін жетілдіру, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы негізгі бағыттарының жобалық технологиясы пікір-таласқа түсіп, талқылаулар жүргізілді.
 
Конференцияда осы сынды өзекті бірнеше тақырыптар талқыланып, пікір алмасылды. Осы және өзгеде жаңалықтарды Академияның @apakz сайтынан оқи аласыздар!