Ағымдағы жылдың 1 наурызында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Академия түлегі Абуов Марат Әлменұлымен мотивациялық кездесу өтті.
Кездесуде мемлекеттік қызметте даму мен мансаптық өсудің мүмкіндіктері талқыланып, Өңірлік кадр резерві бойынша ақпарат берді.
Сонымен қатар, Марат Әлменұлы Академияда білім алудың маңыздылығы туралы сөз қозғап, тайм менеджмент, мемлекеттік қызметшінің құқығы, халықпен тиімді және тығыз жұмыс жасау тәсілдерін атап өтті. Мемлекеттік қызметшінің кәсіби және жеке құзыреттіліктерді қалыптастыру бағытында тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында тыңдаушылар спикерге сұрақтарын қойып, белсенділік танытты.