Бүгін Атырау қаласының әкімінің аппаратында Академияның магистратура және докторантура бағдарламаларына оқуға түсу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында кездесу өтті.
Кездесуде Академияда оқудың артықшылықтары, мемлекеттік аппаратты кәсібилендірудегі Академияның рөлі туралы сөз қозғап, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікір алмастым.
Академияға құжаттар қабылдау 26 маусымға дейін www.admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.
Биыл Академияда 6 магистрлік, 3 докторлық бағдарлама бойынша және өндірістен қол үзбей оқуға болатын 2 модульдік бағдарлама бойынша үміткерлерді қабылдау жүргізіледі.
«Мемлекеттік басқару», «Халықаралық қатынастар» және «Экономика» докторантура бағдарламаларының оқу мерзімі 3 жыл.
Толық ақпаратпен www.apa.kz сайтында танысуға болады.
Байланыс телефондары: +7 7172 75 33 95, +7 7172 75 31 62, +7 7122 492294, +7 7122 519492, +7 708 565 56 59.