Жаңалықтар

«ATYRAÝ RADIOSYNA» МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ БОЛМЫСЫ ТАҚЫРЫБЫНДА СҰХБАТ БЕРІЛДІ

Дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстанда басым бағыттың бірі – мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту. Осы негізде Мемлекет басшысы «мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз». Ал бұл мақсатқа жету үшін «әрбір адам және бүкіл қоғам, құндылықтарымыз түбегейлі жаңаруға тиіс», – деп айтқан болатын.
Осыған сәйкес, Жаңа Қазақстандағы мемлекеттік қызмет, бұл – халықтың талабына сай болып, елдің қажетінен шыға білу.
Филиал директоры Бекіш Азамат Әбділқаилұлы мемлекеттік қызметшілердің болмысы ол әдеп нормалары сай қызметіне, халқына адал, әділ, парасатты, жауапкершілігі мол, бастамашылдық, көшбасшылығы жоғары, стратегиялық, аналитикалық тұрғыда ойлай білетін қызметкер болуы тиіс деп атап өтті.
Сөз соңында, филиал директоры ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби мерекесімен құттықтады.