Жаңалықтар

«АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕ ӘРПК ҚОЛДАНУ»

Академияның Атырау облысы бойынша филиалында 17-21 маусым аралығында «Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу кезінде ӘРПК қолдану» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары өтті.

Семинар барысында тыңдаушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс ережелерін тәжірибеде қолдану бойынша кәсіби құзыреттіліктерін дамытты.

Аталған семинарда қатысушылар «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің өзектілігі, әкімшілік актілер ұғымы мен түрлерін меңгеріп, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесін қолдану барысындағы атаулы мәселелер бойынша пікір алмасты.