ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалында “Б” корпусының әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы тәмамдалды.
16.05 – 03.06. уақыт аралығында тыңдаушылар курс нәтижесі бойынша өздерінің кәсіби білім, дағдыларын жетілдірумен қатар, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халық игілігі жолында өзекті келесідей жоба жұмыстарын қорғады:
– Кеңөзек ауылдық округінде гидропоника тәсілі арқылы көкөніс өнімдерін өсіру
– Исатай ауданының Қамысқала ауылдық округінде (Бақсай каналының бойына) 500 га жерге картоп егу
– Ақылды Люк
– Атырау облысы аумағында малдың жүн-терісін өңдеу цехын ашу
– Мемлекеттік қызметшілерге арналған «е-komek» ақпараттық жүйесі және мобильдік қосымшасы
Жобалық ойлау машықтарын жеке және кәсіби өмірде қолданып, мақсатқа жету жолында мемлекеттік қызметшілерге сәттілік тілейміз!
Айта кетелік, қайта даярлау курсының соңғы аптасында тыңдаушыларға Атырау облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі, заң ғылымдарының магистрі Ахметова Фарида Төлегенқызы «Мотивациялық дәріс» өткізді. Тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қажетті ақпараттар берілді.