Академияның Атырау облысы бойынша филиалында 1-5 сәуір аралығында «Бюрократиядан арылту және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру» тақырыбында біліктілікті арттыру семинары ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсетуде бюрократиядан арылту бойынша кәсіби құзыреттер мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру.
Семинар барысында тыңдаушылар қызметті басқару, жеделдік, ынтымақтастық және шешім қабылдау құзіреттіліктерін дамытты.