Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілердің кәсіби қызметі жолындағы цифрлық дағдыларды дамыту мақсатында арнайы семинар өткізілді.
Семинарды Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Информатика кафедрасының аға оқытушысы, информатика магистрі Есекенова Акгүл Аманжолқызы жүргізді. Мемлекеттік қызметшінің қызмет жолындағы қажет жаңа технологияның ұтымды жақтарын жеткізіп, пайдалы деректермен бөлісті.
Семинар барысында:
Үлкен деректер және цифрлық трансформация
Кибергигиенаның негіздері
Киберқауіпсіздіктің негізгі қауіптері. Деректер алмасуды жақсарту бойынша тәжірибелік ұсыныстар
секілді тақырыптар қамтылды.
Тыңдаушылар семинар барысында цифрландыру жобалары аясында тәжірибелік құралдарды пайдаланып, интерактивті пікірталасқа белсенді қатысты.