Дағдарыс жағдайындағы тиімді коммуникациялар
Бүгін филалымызда «Дағдарыс жағдайындағы тиімді коммуникациялар» атты 5 күндік семинар басталды. Семинар ағымдағы жылдың 23-27 қаңтар аралығында өтеді.
Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар дағдарыс жағдайында тиімді коммуникация құру бойынша кәсіби құзіреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларды дамытады.
Алғашқы күннің лекторы отбасылық психолог Сұлтанова Ғайни Тукеновна
Семинар қатысушыларына сәттілік тілейміз!