Жобалық менеджмент: ҚР СТ ISO 21500-2014 сертификаттауына дайындық семинарының қатысушыларымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Мейрамханұлымен ашық форматта кездесу өтті.
Кездесу барысында департамент басшысы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Атап өтер болсақ, мемлекеттік қызметтегі әдеп, мемлекеттік қызметшінің үлесі, оның жауапкершілігі, мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтар негізінде бірқатар мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар Президенттік жастар кадрлық резервінің биылғы жылға жоспарланатыны туралы хабардар етіп, Бюракратиялық аппарат мәселесіне тоқталып өтті. Бюрокартиядан арылу, жаңа трансформацияға көшу қағазбастылықтан арылуға кеңес берді.
Ашық форматты кездесуде семинар тыңдаушылары өздерін мазалаған қызмет барысындағы сұрақтарын қойып сұхбаттасты. Жұмыстарды дамыту бойынша өздерінің ұсыныс пікірлерін айтып, кездесуге келіп, арнайы уақыт бөлген департамент басшысына алғыстарын білдірді.
Кездесу соңында филиал директоры Бекіш Азамат Ерлан Мейрамханұлына құнды ақпараттармен бөліскеніне алғыс білдіріп, тыңдаушыларға алдағы сертификаттаудан өтуіне сәттілік тіледі.