Жаңалықтар

Development day

Бүгін филиалда қайта даярлау курсына қатысушылар үшін «Мемлекеттік қызметтің мәртебесі» тақырыбында арнайы «Development day» шарасы өтті. Шараны филиал директоры Бекіш Азамат ашып, қонағымызды таныстырып өтті.
 
Development day-дің бүгінгі қонағы Мемлекеттік қызметтің ардагері, І шақырылымдағы Балықшы аудандық Мәслихатының хатшысы, ІІ шақырылымдағы Атырау қалалық Мәслихатының хатшысы Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы.
 
«Билік білімдіге мұқтаж, адал қызмет етейік, адал жүрейік және ең бастысы шешімді заң жүзінде шешейік»,- деп атап өтті қонағымыз.
 
Тамара Өтегенқызы қайта даярлау курсының қатысушыларына мемлекеттік қызметте жүргендегі өзінің іс-тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметші болғандағы басынан өткен қызықты шақтарын айтып, қатысушыларға құнды ақпараттар беріп өтті.
 
Курсқа қатысушылар өздерінің мазалаған сұрақтарын қойып, қонағымызға алғыстарын білдірді.