Жаңалықтар

Development day шарасы өтті

Бүгін филиалда «Инновациялылық –білімді жетілдірудің негізгі күші» тақырыбында Development day шарасы өтті. Аталған шара Академияның «Тілдік құзыреттілікті дамыту» кабинетінің жоспары негізінде жүзеге асуда.
Инновациялылық дегеніміз – қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау.
Осы тақырып аясында development day шарасын ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Иманғалиева Нұрсұлу Темірболатқызы жүргізді.
Нұрсұлу Темірболатқызы қатысушыларға нейрогимнастикалық жаттығулар жасатып, әр түрлі психологиялық ойындар ойнатты. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің коммуникациялық кабілеті жоғары болуы мақсатында таза сөйлеу әдістерімен таныстырды.
Дәріскер Нұрсұлу Темірболатқызы: «мемлекеттік қызметішлерге үнемі теория жүзінде ақпарат бере бергеннен, тәжірибелік тұрғыда көбірек сабақ өткізу жаңа инновациялық білім» деген қорытынды жасады.
Development day шарасы интерактивті пікірталас, жаңашыл психологиялық ойындармен мазмұнды әрі тартысты өтті.
Қатысушылар өз ойларымен бөлсіп,жаңа ақпараттармен толықты.