Дүниежүзілік сайлау күні ақпанның алғашқы бейсенбісінде атап өтіледі. Осыған орай, Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Сайлау процесіне қатысушыларды оқытудың мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – сайлау жүйесі және комиссия мүшелерінің кәсіби дағдыларын арттыру бойынша атқарылып жатырған жұмыстарды талқылау, қатысушылар арасында сайлауға деген құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Аталған іс-шараға Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Мақсотұлы мен сайлау комиссиясының мүшелері, Академияның Электоралдық оқыту орталығының басшысы Жанар Каликановна, Филиал қызметкерлері мен тренерлері, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік қызмет мектебі» жобасының білім алушылары қатысты.
Дөңгелек үстелде сайлау комиссиясы жұмыстары мен жүйесіне қатысты ақпараттар айтылып, сайлау жүйесін оқытудағы мәселелер ортаға салынып, 2024 жылы атқарылатын жұмыстар сараланып, нақтыланды.