Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормаларын және кәсіби біліктілігін одан әрі жетілдірудің маңызы жоғары. Осы тұрғыда Академияның Атырау облысы бойынша филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ермаханбетов Ерлан Мейрамханұлымен ашық форматта кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Ерлан Мейрамханұлы мемлекеттік қызметті дамытуда атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар Өңірлік кадр резервінің мүмкіндіктерін талқылады. Спикер ӨКР-нің аймақтарды дамытуға жас көшбасшыларды мемлекеттік басқару жүйесіне тартудың тиімді тетігі екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, Департамент басшысы болашақта мемлекеттік қызметке қабылданар алдында тапсыратын тест жүйесіне енгізілетін өзгерістерге тоқталды.
Семинар тыңдаушылары мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы ақпарат алып, спикерге толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram