Жаңалықтар

Филиал аралық тәжірибе алмасу

Бүгін “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс” тақырыбының семинарына қатысушылар үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды анықтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру тақырыбында дәріс басталды. Бүгінгі дәрісіміздің дәріскері арнайы Қызылорда облысынан шақырылған әріптесіміз.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалының профессоры, Заң ғылымдарының кандидаты, ISO 37001 стандарты бойынша сертификатталған аудитор Мадалиева Ақзада Алайдарқызы.
 
Дәріскерімізге және қатысушыларға сәттілік тілейміз!