Жаңалықтар

ФИЛИАЛ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНА ҮН ҚОСУЛАРЫ

БОЛАШАҒЫМЫЗ ТУРАЛЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысындағы «Жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбындағы Жолдауында қазіргі әлемдегі саяси күрделі  кезеңде саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы халықтың билікке деген сенімін нығайту мәселесін қозғады. Жер-жаһанға төндірген пандемия зардаптары, бүгінгі таңдағы экономикалық дағдарыс пен халықтың әл-ауқаты әрбір азаматты толғандырып, көкейде мың сан сауал туындатып отырғаны белгілі. Мемлекет басшысы өзінің саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекет пен қоғам өмірінің әр саласына қатысты ой-пікірлері мен тың идеяларын, ұсыныстары мен тиісті органдарға арналған тапсырмаларын ортаға сала келіп, көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға тиянақты әрі көкейге қонымды жауап берді.  Президент жаңа реформалардың негізгі бағыттарына тоқталды. Ол әсіресе, мемлекетті басқарудың, президентік басқарудан парламенттік басқару институтына және сайлау өкізу  реформаларынаәділетті мемлекет құрудың, азаматтарды мемлекет басқару ісіне қатыстырудың жаңа үлгілерін ұсынды.

Мен өзім білім мен ғылым саласының маманы болғандықтан, Жолдаудағы осы мәселеге арнайы тоқталғалы отырмын. Мемлекет басшысы Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі міндеті – жүйе ретінде Құқықтық мемлекет идеясының мәні – оның бірізді демократиялылығы, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекеттің қоғамға бағынуы, қоғамның даму деңгейі мен саяси, əлеуметтік жəне экономикалық жағдайына сəйкес оның саяси жəне құқықтық рəсімдеуін таңдау. Бұл қазақстандық қоғамды басқарудың қазіргі заманғы жəне демократиялық үлгіні таңдаудағы бірінші тəжірибесі, сондықтан осыған дейінгі және  осы жолғы  Жолдауда  адамзаттық қоғам, халық пен билік құндылығы сөз етілді. Бұл мәселеде жақын арада жүзеге асырылатын саяси реформалар,  бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ, халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет. Жолдаудың әр жолы осылайша елге, жас ұрпаққа, жас Қазақстан мемлекетінің болашағына деген қамқорлыққа толы екендігіне мен сенімдімін. Президент жолдауында айтылған барлық мәселе өзекті, сондықтан оны ел болып жүзеге асыру керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару  академиясының  Атырау  облысы бойынша филиалының ұжымы өмірлік маңызы зор бұл Жолдауды қызу қуаттай отырып, жаңа жағдайдағы жаңа мемлекет идеясының мәні – оның демократиялылығы, халық егемендігін бекіту, Конституциялық Кеңес сотын құру әр қазақстандықтың құқықтық қорғалуы мен құқықтық әділдігін жетілдіру еліміздің  алдағы уақыттарда дамуына үлкен серпін беретініне сенімдіміз.

Еркебұлан МОЛДАБЕКОВ, құқықтану магистрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау  облысы бойынша филиалының аға  оқытушысы