18 желтоқсан күні Академияның Атырау облысы бойынша филиалында тренерлердің кәсіби дамуына арналған әдістемелік сағат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Филиал директоры Еркебұлан Серікұлы 2024 атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат беріп, алға қойған мақсаттар бойынша пікір алмасты.
Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Назерке Ғалымжанқызы Академияның оқыту қызметіне қойылатын маңызды талаптар мен жаңа міндеттерге тоқталды. Ол тренерлердің кәсіби деңгейін арттыру – мемлекеттік қызметшілерді дайындау сапасын жақсартудың маңызды факторы екенін атап өтті.
Филиал профессоры Әлия Байтілеуқызы «Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби арттыруда қолданатын интерактивті технологиялар» тақырыбында презентация жасап, заманауи интерактивті әдістердің тиімділігі мен оларды сабақ үдерісіне енгізудің артықшылықтарын түсіндірді.
Әдістемелік сағат барысында тренерлер түрлі әдістерді талқылап, өзара пікір алмасты. Бұл оларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, тәжірибелік шешімдер қабылдауға мүмкіндік жасады.
Іс-шараның нәтижесі– тренерлердің кәсіби тұрғыда жаңа идеялармен қаруланып, болашақтағы сабақ үдерісін жандандыруға деген ынтасының артуы. Мұндай кездесулер тек тренерлердің ғана емес, мемлекеттік қызметшілердің де білім деңгейін жетілдіруге үлес қосатыны сөзсіз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram