Жаңалықтар

ФИЛИАЛДА «ТҮРІК ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ» КУРСЫ БАСТАЛДЫ

2022 жылғы 1 ақпан айынан бастап филиалымызда онлайн форматта жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне арналған 3 айлық «Түрік тілін деңгейлеп оқыту» тілдік курсы басталды.

Курстың мақсаты – түрік тілін қарым-қатынас құралы ретінде толықтай таныстыру және тілдің үш түрлі аспектісі: лексика, фонетика, грамматиканы, тілді оқытудың төрт түрі – тыңдалым, оқылым, нәтижелі сөйлеу және жазылым дағдыларын қалыптастыру.

Курсты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Халықаралық бөлім басшысы, түрік тілі оқытушысы, PhD Әшірханова Қарлығаш Маштайқызы жүргізуде.