13-17 мамыр аралығында Исатай ауданында «Азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу кезінде ӘРПК қолдану» тақырыбында біліктілік арттыру семинары өтуде.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс ережелерін тәжірибеде қолдану бойынша кәсіби құзіреттіліктерін дамыту.
Семинар барысында қатысушыларға «е-Өтініш» ақпараттық бірыңғай жүйесімен жұмыс жасау тәртібі, жүйедегі толықтырулар мен өзгерістер, әкімшілік актілер ұғымы мен түрлері, сондай-ақ шағымды қарастыру және шешім шығару тәртібі түсіндіріледі.
Аталған семинар бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесін қолдану барысындағы атаулы мәселелер жан-жақты талқыланып, әдістемелік көмек көрсетіліп және түйткілді сұрақтарға жауаптар беріледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram