05-09 тамыз аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында кәсіби әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыруға арналған біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинардың мақсаты – мемлекеттік қызметші бойында әдебі мен имиджі қалыптасқан парасатты тұлға бейнесін, кәсіби құзыреттер мен тәжірибелік дағдыларды дамыту.
Семинар барысында тыңдаушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен шектеулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі мемлекеттік органдар мен комплаенс қызметінің рөлі, мүдделер қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша білімдерін жетілдірді.