Жаңалықтар

КӘСІБИ ДАМУДАҒЫ БІР ҚАДАМ

Бүгін Филиал Әділет департаменті қызметкерлеріне ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау ережелері бойынша ақпараттық сессия жұмысын жүргізді.
Аталған ақпараттық сессия жұмысын Филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы жоғарғы оқу орнынан кейінгі Академияның магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мәлімет беріп, мемлекеттік қызметшілерді Академиямен бір қадам алға болуға шақырды.
Ақпараттық сессия барысында Академияда білім алудың артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, құжаттарды қабылдау ережесі, конкурстық іріктеу кезеңдері түсіндіріліп, тыңдаушылар тарапынан сұрақтар қойылды.
Құжаттар Академияның www.admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжаттарды жүктей отырып, 23 шілдеге дейін қабылданатындығын естеріңізге саламыз.