Жаңалықтар

КІТАПХАНА ҚОРЫ «МАЗМҰНДАМА» БАСПАСЫНЫҢ КІТАПТАРЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Академияның Атырау облысы бойынша филиалының кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықты. «Мазмұндама» баспасы ұсынған 30 жаңа кітап мемлекеттік қызметшілерге қолжетімді болды. Бұл басылымдар мемлекеттік қызмет саласындағы кәсіби дағдыларды жетілдіруге және жеке дамуға ықпал ететін құнды ақпарат көздері болып табылады. 

Кітаптар мазмұны әртүрлі тақырыптарды қамтиды: көшбасшылық, тиімді коммуникация, тұлғалық даму және заманауи басқару технологиялары. Олардың арасында әлемдік және отандық авторлардың таңдаулы еңбектері бар.

Филиал кітапханасы ұсынған жаңа әдебиеттердің басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру, олардың заманауи талаптарға сай біліктілігін дамыту және халыққа сапалы қызмет көрсету деңгейін жақсарту. 

Кітапхана қорының жаңартылуы оқырмандарға білімін кеңейтуге және кәсіби шеберлігін шыңдауға жаңа мүмкіндіктер ашады. Мемлекеттік қызметшілерді кітапхана қорын белсенді пайдалануға шақырамыз! 

Кітаптармен танысу және алу үшін филиал кітапханасына хабарласуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін филиалдың ресми байланыс арналарына жүгініңіз.