Жаңалықтар

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы басталды

 Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы басталды.
 
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясының мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтырып, кітап оқу мәдениетін жетілдіру.
 
Кітап әртүрлі кәсіптік салаға қатысты болуы мүмкін, атап айқанда мемлекеттік қызмет, мемлекеттік басқару, мемлекеттік саясат, бюрократиядан арылту, экономика, экология, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мәдениет, тарих, өзін-өзі дамыту, психология, әлеуметтану, философия, жасанды интеллект, цифрландыру саласы, сондай-ақ көркем әдебиет және қызықты, танымал адамдар туралы шығармалар, басқа да бағыттар бойынша және кез келген тілдегі туындылар.
 
Филиал қызметкерлері, тыңдаушылары, мемлекеттік қызметшілер және басқа да тұлғалар, Сіздерді осындай ерекше әрі пайдалы акцияны өткізуге атсалысып, өзіңіздің кітабыңызды кітапханаға сыйға тартуға шақырамыз!