Жаңалықтар

«КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ. БАҚ-ПЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ»

Қоғамның сұранысымен жұмыс жасап, БАҚ өкілдеріне сұхбат беретін, сондай-ақ халық алдында есеп беретін мемлекеттік қызметшілер үшін көпшілік алдында көркем сөйлеу техникасын меңгеру маңызды. Осы мақсатта, 10-14 маусым аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу» тақырыбында біліктілікті арттыру семианары өтті.

Аталған семинар барысында қатысушылар сөйлеу мәдениеті, іскерлік сөйлесім нормалары, коммуникацияның негізгі кағидаттарымен танысып, аудиторияның назарын «ұстап тұрудың» әдістері мен қоғаммен байланыс құралдарын пайдаланудың негізгі тәсілдерін меңгерді.

Сонымен қатар, семинар тыңдаушылары «Caspian news» облыстық телеарнасында қонақта болып, телеарна жұмысымен танысып, тәжірибелік сабаққа қатысты. Филиал лекторы, Атырау телеарнасының продюсері Гүлназ Кәрімжанқызы тыңдаушылармен сұхбат жүргізіп, эфирдің сәтті шығуына негіз болатын тың ақпараттармен бөлісті.

Мемлекеттік қызметшілер қызықтырған сауалдарына жауап алып, камера алдында сенімді сөйлеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берген «Caspian news» облыстық телеарнасы мен Филиал ұжымына өз алғыстарын білдірді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Еркебұлан Ғабдығапаров (@erkebulan.gabdygaparov)