Жаңалықтар

КӨПШІЛІК АЛДЫНДА СӨЙЛЕУ. БАҚ-пен ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ

Бүгін филиалда Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу тақырыбында 5 күндік семинар басталды.

Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар мемлекеттік органдардың коммуникациялық саясатының тиімділігін арттыру үшін кәсіби құзіреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларды дамытады, жүйелі білім алады.
 
Алғашқы күннің семинар дәріскері: Дәуітқұлова Ақмарал Қалиярбекқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
 
Семинар 17-21 сәуір аралығында өтеді.
 
Семинар тыңдаушыларына сәттілік тілейміз!