Бүгін Еңбек және әлеуметтік қорғау коммитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде Көпшілік алдында сөйлеу және қоғаммен байланыс мәдениеті тақырыбында біліктілік арттыру семинары өтті.
Семинар нәтижесі бойынша тыңдаушылар мемлекеттік органдардың коммуникациялық саясатының тиімділігін арттыру үшін кәсіби құзіреттіліктер мен тәжірибелік дағдыларды дамытып, жүйелі білім алды.
Семинар дәріскері: Дәуітқұлова Ақмарал Қалиярбекқызы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
Семинар соңында филиал қызметкерлері Назерке Ғалымжанқызы және Айнұр Айтжанқызы мемлекеттік қызметшілерге Академияға оқу түсу ережелері жөнінде толығырақ ақпарат беріп өтті.
Еске сала кетейік, Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір мен 29 маусым аралығында өтеді.