Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» тақырыбында мәслихат депутаттарына арналған біліктілікті арттыру семинары өткізілді.
Семинар Мемлекет басшысының мәслихат депутаттарының қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған тапсырмалары аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты –жаңа сын-қатерлер мен қазіргі нақтылық жағдайында тиімді қызмет ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзыреттері мен практикалық дағдыларының деңгейін арттыру.
Семинар барысында қатысушылар депутаттық қызметті тиімді ұйымдастырудың тәжірибелік құралдарын талқылады. Сонымен қатар, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бюджет жобасын қарау кезеңінде бюджет процесінде қолданылатын заманауи тәсілдер бойынша білім алды. Семинар аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жаңа архитектурасы, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелері қаралды.
Жазбаша коммуникация тақырыбы бойынша депутаттық сауалдар, өтініштер, ұсыныстар мен есептер дайындау бойынша тәжірибелік дағдыларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара іс-қимылының тиімді нысандары және тәжірибелік кейстерді талдау бойынша дәрістер өткізілді.