Жаңалықтар

«МӘСЛИХАТТАРДЫҢ РӨЛІ МЕН ӘЛЕУЕТІН КҮШЕЙТУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» атты 5 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.

2022 жылдың 19-23 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Атырау облысы филиалында облыстық, қалалық және аудандық мәслихаты депутаттарына біліктілігін арттыру семинары онлайн жүйеде басталды.
 
Семинар мақсаты – жаңа сын-қатерлер мен қазіргі нақтылық жағдайында тиімді қызмет ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзыреттері мен тәжірибелік дағдыларының деңгейін арттыру.
 
5-күндік семинар барысында тыңдаушылар депутаттық қызметтегі негізгі құқықтық және басқарушылық аспектілермен қатар:
 
 Көшбасшылық;
 Шешімдер қабылдау;
 Қызметті басқару;
 Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл секілді кәсіби және тәжірибелік құзыреттіліктерді меңгереді.
 
Семинардың алғашқы күнінің лекторы Мемлекеттік қызметтің ардагері, І шақырылымдағы Балықшы аудандық Мәслихатының хатшысы, ІІ шақырылымдағы Атырау қалалық Мәслихатының хатшысы Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы.