Осы тақырыпта бүгін филиалда Атырау облыстық және Махамбет аудандық мәслихаттары депутаттарына біліктілік арттыру семинары басталды.
⠀
Семинар мақсаты – жаңа сын-қатерлер мен қазіргі нақтылық жағдайында тиімді қызмет ету үшін барлық деңгейдегі депутаттардың кәсіби құзыреттері мен тәжірибелік дағдыларының деңгейін арттыру.
⠀
5 күндік семинар барысында тыңдаушылар депутаттық қызметтегі негізгі құқықтық және басқарушылық аспектілермен қатар:
-Көшбасшылық
-Шешімдер қабылдау
-Қызметті басқару
-Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл секілді кәсіби және тәжірибелік құзыреттіліктерді меңгереді.
⠀
Мәслихаттардың құзыреті мен ашықтығы, сайлаушылармен өзара іс-қимыл тәсілдері туралы Мемлекеттік қызметтің ардагері, I шақырылымдағы Балықшы аудандық Мәслихатының хатшысы, II шақырылымдағы Атырау қалалық Мәслихатының хатшысы Аман-Турлина Тамара Өтегенқызы бөлісетін болады.
⠀