Жаңалықтар

МАГИСТРАТУРА МЕН ДОКТОРАНТУРАҒА ОҚУҒА ТҮСУ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының кабинет меңгерушісі Назерке Ғалымжанқызы Мақат ауданында іс-сапарда болып, мемлекеттік қызметшілерге Академияға оқуға түсудің артықшылықтары мен құжат тапсырудағы бірқатар өзгерістер туралы толығырақ ақпарат беріп өтті.

Еске сала кетейік Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір -29 маусым аралығында өтеді.
 
Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға Үкіметтен магистратура бойынша 120 грант, докторантура бойынша 12 грант бөлінген.
 
Академияға оқуға түсу туралы ақпараттарды біздің www.apa.kz ресми сайттарынан біле аласыздар.