ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Азамат Әбділқаилұлы Жылыой ауданында іс-сапарда болып, мемлекеттік қызметшілерге Академияға оқуға түсудің артықшылықтары мен құжат тапсырудағы бірқатар өзгерістер туралы толығырақ ақпарат беріп өтті.
Еске сала кетейік Академияға оқуға құжат қабылдау 03 сәуір -29 маусым аралығында өтеді.
2023 жылы оқуға қабылдау 6 магистратура бағдарламасы және күндізгі оқу бөлімінде 3 докторантура бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады және өндірістен қол үзбей оқытылатын 2 модульдік бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлауға Үкіметтен магистратура бойынша 120 грант, докторантура бойынша 12 грант бөлінген.
Академияға оқуға түсу туралы ақпараттарды біздің www.apa.kz ресми сайттарынан біле аласыздар .
Бізбен байланыс
8 (7122) 51-94-92, 49-22-94
8778-926-00-32