Жаңалықтар

МАҚАТ АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ

Мақат ауданы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін Академияның 2022 жылға арналған магистратура мен докторантураға қабылдау мәселелері бойынша бірлескен ақпараттық сессия өтті.
Кезекті ақпараттық сессияда Филиал директоры Бекіш Азамат Әбділқаилұлы мен Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы Академияның магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша ақпаратпен бөлісті.
Академияның www.admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжаттарды 23 шілдеге дейін қабылдайтындығын естеріңізге саламыз.
Қазақстан бойынша магистратураға 120 грант, докторантураға 12 грант бөлінген. Бақтарыңызды сынап көру мүмкіндігін жіберіп алмаңыз.