Жаңалықтар

МАҚАТ АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ.

26-29 наурыз аралығында Мақат ауданында «Мемлекеттік сатып алулар: практикалық қолданылуы» тақырыбында біліктілік арттыру семинары өтті.

Семинардың мақсаты – тыңдаушылардың мемлекеттік сатып алу саласындағы кәсіби құзыреттері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту.

Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алу саласындағы ҚР заңнамасында енгізілген негізгі өзгертулермен және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру принциптерімен танысып,  орындау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын-алу қағидаларын меңгерді.

Тыңдаушылар семинарда қарастырылған мәселелерге қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарға жауаптар алды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Еркебұлан Ғабдығапаров (@erkebulan.gabdygaparov)