Жаңалықтар

МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

20-24 қаңтар аралығында Академияның Атырау облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік сатып алулар: практикалық қолданылуы» тақырыбында көшпелі семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – тыңдаушылардың мемлекеттік сатып алу саласындағы кәсіби құзыреттері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту.
 Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік сатып алу субъектілерінің жауапкершілігі, мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің индикаторлары, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың негізгі принциптері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу шарттарын орындау, сатып алу процесін ұйымдастыру және конкурстық тәсілмен мемлекеттік сатып алу ерекшеліктері бойынша жан-жақты мәліметтер алды.
Қатысушылар тәжірибелік кейстерді талдау арқылы өз білімдерін нығайтып, алған ақпаратты нақты мысалдармен бекіту мүмкіндігіне ие болды.