2022 жылдың 22 тамызы күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті @elgeqyzmet.atyrau және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы филиалымен бірлесіп ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына «Мектепке жол акциясы» бойынша көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына 1 қыркүйекке дейін мектепке дайындауға көмектесу мақсатында мектепке қажетті құралдары табыс етілді.
Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерге ыстық ықыласын білдіріп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі!