Еліміздің қазіргі күні мемлекеттер арасында өзінің лайықты орнын алу үшін елдігімізді, егемендігімізді сақтап, биік мақсатқа қол жету жолында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, экономикалық өзгерістер барысында қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты басқарудың тиімді шешімдеріне баса назар аударуымыз қажет деп ойлаймын.
Қазақстаннның батыс аймағы әуелден республиканың бюджетіне донор бола алатын аймақ ретінде қабылданатынын бәріміз білеміз. Ал бұл өңірдегі халықтың хал-ахуалы, әлеуметтік жағдайы, тіпті табиғатының экологиясы мұндай биік пікірге сәйкес келмейтіні айдан анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде бюджет донорлары болып келген өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген параметрлері бойынша артта қалған деп атап көрсетті. Сондықтан тәсілдерді біртіндеп өзгерту керектігіне, бюджетаралық реформаларды нақтылау бойынша шешім қабылдайтын кез келгеніне тоқталып, үкіметке заңнамалық өзгерістер пакетін әзірлеуді тапсырды.
Бүгінгі ұсынылған нақты шешімдерді еліміз сапалы түрде жүзеге асыра алса, өзге елдерге үлгі боларлықтай тарихымыздың қайта жаңғыратыны сөзсіз.
Нұртілеуова Жаннат Асылбекқызы
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы директоры
«Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді» деп халқымыз бекер айтпаған. Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте!
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысындағы ел басына түскен сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсеріп, Тәуелсіздігімізді сақтау барша қазақстандықтардың міндеті екенін баса айтып, еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді.
Бұл еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру, еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу, сапалы білімге қолжетімділікті арттыру және басқа да бағыттардың жаңаша дамуы ел тағдыры үшін маңызды. Соның ішінде халық үніне құлақ асатын мемлекетті жетілдіруде мемлекеттік қызметшілер мен бүкіл қоғам біртұтас ел ретінде алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін бірге жұмылуы тиіс. Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталғалы тұр.
Егемен елімізді бірге өркендетейік! Тек сонда ғана көздеген мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз. Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік!
Молдабеков Еркебұлан Байғалиұлы
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының аға оқытушысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі, 11 қаңтардағы Парламент мәжілісі отырысында еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді қозғап, жүзеге асырылу бойынша нақты тапсырмалар мен бағыт-бағдарлар берді.
Соның ішінде мемлекеттік басқаруда кешенді реформалау жүргізу қажеттігіне тоқтала отырып, мемлекеттік қызметтегі кадрларды іріктеу жұмысын жетілдіру, бюрократизм мен сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу арқылы мемлекеттік қызметке қабылдауда, мансаптық өсу жолында меритократиялық ұстаныммен мемлекеттік қызметшілердің қатарын сапалы құраммен көбейту қажеттілігіне баса назар аударды. Мемлекет басшысы халық үніне құлақ асатын мемлекетті қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілер әрбір ісі арқылы халыққа жақын болуға шақырды.
Сонымен қатар, әлеуеті зор мемлекеттік қызметшілердің қатарымен толыққан Президенттік жастар кадр резервінің жаңаша ойлай алатын жастар үшін болашаққа мүмкіндік ашар әлеуметтік лифт екеніне тоқталып, оларға артар сенім жүгінің де салмақты екенін атап өтті. Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет саласын жаңартуға, халыққа шын ниетімен қызмет ететін мемлекеттік аппаратты қалыптастыруда аталған жұмыстың өз жалғасының табатынына сенімділік білдірді.
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы Мемлекет басшысы Қ-Ж. Тоқаевтың халық көкейінде жүрген жайттарды ашық айта отырып, береке-бірлікке, тұтастыққа шақырған пікіріне қолдау білдіреді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің онлайн отырысында еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерге тоқтала отырып, оларды шешудің жолдарын ұсынды.
Әрине, аталған мәселелердің барлығы да өзекті болып табылатыны сөзсіз. Соның ішінде өзіме ерекше әсер бергені білім сапасын көтерудегі қабылданған шешімдері болды. Алдағы жылдары шетелдік озық оқу орындары филиалдарының елімізде ашылатыны ерекше қуантады. Техникалық бағыттағы мамандықтарға басымдылықтың беріліуі болашақ кәсіби инженерлеріміздің өндіріс бағытын дамытуда зор үлестерін қосатынына сенімімізді арттырады.
Еліміздің бірлігі мен мен өркендеуіне үлес қосу – әрқайсымыздың міндетіміз деп білемін.