Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ОҚУҒА ШАҚЫРАДЫ!

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында облыстық басқармалар мен департаменттердің мемлекеттік қызметшілерімен онлайн форматта кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты –  жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша 2022 жылға арналған Академияның оқуға қабылдау ережелерімен жергілікті және орталық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін ақпараттандыру.
Кездесуге филиал директоры Бекіш Азамат Әбділқаилұлы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Кайненова Шолпан Айдынгалиевна қатысты.
Шара барысында Азамат Әбділқаилұлы Академияның оқуға қабылдау ережелерін түсіндіріп, онда оқудың артықшылықтары туралы айтып өтті.
Көшбасшылық қасиеттерге ие, ел игілігі үшін қызмет етуге дайын мемлекеттік қызметшілерді Академияда жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жетілдіруге шақырамыз. Құжаттар Академияның www.admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжаттарды жүктей отырып, 23 шілдеге дейін қабылданатындығын естеріңізге саламыз.