Жаңалықтар

«Мемлекеттік қызмет мектебі» студенттерін оқыту семинары басталды

Академияның Атырау облысы бойынша филиалында талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік қызмет мектебі» студенттерін оқыту семинары басталды.
Мемлекеттік қызмет мектебі жас көшбасшыларды оқыту, мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өткізу арқылы мемлекеттік қызметтің іс жүзіндегі дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді.
Жобаның алғашқы күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Мейрамханұлы мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет жүйесіне қатысты өзгерістерге тоқталып өтті.
Филиал директоры Еркебұлан Серікұлы «Тиімді коммуникациялар» тақырыбында интерактивті пікірталас жүргізіп, жас буын өкілдерінің коммуникация құру мен көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдірді.