Жаңалықтар

«Мемлекеттік қызмет» телебағдарламасы

Мемлекет басшысы референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеуінде: «Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек» – екендігін атап өткен болатын.

Осы ретте, Академияның Атырау облысы бойынша филиалының директоры Еркебұлан Серікұлы «Қазақстан-Атырау» телеарнасындағы  «Мемлекеттік қызмет» телебағдарламасына қатысып,  Академия және оның филиалдары көрсететін қызметтер мен алдағы жұмыс жоспары туралы бөлісті. Сондай-ақ, Мемлекеттік басқару академиясына 2024-2025 оқу жылына қабылдау ережелері мен енгізілген өзгерістерді атап өтті.

Қоғам мен билік арасындағы кері байланысты қалыптастыруға өз септігін тигізетін бұл сұхбатта мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру саласын жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дағдалары мен құзыреттіліктерін арттыру тақырыбы қозғалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Еркебұлан Ғабдығапаров (@erkebulan.gabdygaparov)