Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ – ХАЛЫҚ ҚЫЗМЕТШІСІ

Бүгін Академияның Атырау облысы бойынша филиалында «Мемлекеттік қызметші-халық қызметшісі» тақырыбында мемлекеттік қызметке еңбегі сіңген ардагерлермен кездесу өтті.

Кездесу 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастырылды.

Семинар тыңдаушыларымен кездесуде Бақтыбек Жұбандықұлы мен Бақытжан Әділұлы өмірлік және кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.

Тәрбиелік маңызы зор шарада Бақтыбек Жұбандықұлы «Бір саланың маманы болып, көп саладан хабардар болу керек. Мемлекеттік қызметшінің жан-жақты болуы маңызды» дей келе, мемлекеттік қызметтің мәні мен мағынасына тоқталып, өмірлік қажетті құндылықтарды атап өтті.

Бұдан кейін шарада мәдениет қайраткері Бақытжан Әділұлы мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі туралы айтып, мемлекеттік қызмет имиджін ілгерілетудің негізгі кезеңдеріне және халық үніне құлақ асатын қызметші болу қажеттілігіне тоқталды.