Бүгін аталмыш тақырыпта округ әкімдеріне 26-30 қыркүйек аралығында өтетін 5 күндік біліктілік арттыру семинары бастау алды.
Семинардан күтілетін негізгі нәтиже тыңдаушылардың мемлекеттік қызметшінің имиджіне сай іскерлік этикетті жетілдіруі және жағымды имиджді дамытуы.
Семинардың алғашқы күнін «Мемлекеттік қызметтің жаңа моделі мен қағидалары» тақырыбымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің
Мелекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Китенбаева Динара өткізді.
Семинар қатысушыларына сәттілік тілейміз!