Жаңалықтар

«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ АҚПАРАТТАНУ ДАҒДЫСЫ МЕН ДЕРЕКТЕР ТАҢДАУ АСПЕКТІСІ, БАҚ-ТА СӨЗ СӨЙЛЕУІ»

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Атырау облысы бойынша филиалында Development Day аясында « Мемлекеттік қызметшінің ақпараттану дағдысы мен деректер таңдау аспектісі, БАҚ-та сөз сөйлеуі» тақырыбында Атырау облысы Полиция департаментінің Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы, ҚР Журналистер одағының мүшесі Мейірім Ердәулет жүргізді.
Шараны филиал директоры Азамат Әбділқаилұлы ашып беріп, мемлекеттік қызметкердің құзыреті аясында халық алдында сөз сөйлеу мәдениеті, этика және әлеуметтік желілердегі мәдениеті бойынша ашық пікір алаңда мәселені сауатты шешудің маңыздылығы жөнінде айтып өтті. 
Сонымен қатар, жергілікті және орталық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне 5 күндік біліктілік арттыру семинарын қорытындылау сәтінде филиалдың Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Аязбаева Назерке Ғалымжанқызы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау ережелері бойынша кезекті ақпаратты сессияны өткізді. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі Академияның магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мәлімет беріп, мемлекеттік қызметшілерді Академиямен бір қадам алға болуға шақырды.
Құжаттар Академияның www.admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжаттарды жүктей отырып, 23 шілдеге дейін қабылданатындығын естеріңізге саламыз!