Жаңалықтар

“Мемлекеттік қызметтегі кәсібилік және этика: сөз сөйлеу мәдениеті және БАҚ-пен байланыс” тақырыбында конференция өткізілді

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесе мемлекеттік қызметшілер арасында әдептілік принциптерін дәріптеу және кәсібилігін арттыру мақсатында “Мемлекеттік қызметтегі кәсібилік және этика: сөз сөйлеу мәдениеті және БАҚ-пен байланыс” тақырыбында конференция өткізілді.
Конференция спикерлері:
-ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасының орынбасары Беркімбаев Берік Серікұлы
-ҚР Мемлекеттік Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Бірінші вице-ректоры Дүсіпов Еркін Шажаұлы
-ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов
-ақын,аудармашы Қалшабеков Абай Батырұлы
-ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының бизнес-тренері, коуч, психолог Ақерке Берлібайқызы
Конференцияға сонымен қатар, Атырау өңірінің жергілікті және орталық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері, “Халық үніне құлақ асатын мемлекет: халықпен және азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары”семинары тыңдаушылары қатысты.
Конференцияда мемлекеттік қызметшілердің халықпен сөйлесу мәдениеті, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желі не үшін қажет және оны тиімді қолдану тәртібі, БАҚ-на сұхбат беру барысында анық әрі еркін сөйлеу, журналистермен дұрыс қарым-қатынас жасау,сөз сөйлеу өнері, халықпен тығыз қарым-қатынаста болу аясында ұсынылатын бірегей кітаптар, және сұрақ қою әдебі талқыланды. Әр спикер өз кейсін қорғай отыра, конференцияға қатысушылардың тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап беріп, кері байланыс орнатты.