Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ

Аталмыш тақырыпта 2022 жылдың 30 мамырында Мақат ауданында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметкерлері үшін біліктілік арттыру семинары басталды.
Семинар барысында:
– Қазақтан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңындағы өзгерістер;
– Жоспарлау тиімділігінің аудиті, мемлекеттік сатып алу шарттарын және сатып алуды жүзеге асыру;
– Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру әдістері. Конкурстық тәсілмен мемлекеттік сатып алу;
– WWW.GOSZAKUP.GOV.KZ порталына шолу;
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
– Мемлекеттік сатып алу және орындау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
тақырыптары қамтылып, тыңдаушылар мемлекеттік сатып алу саласындағы кәсіби құзіреттері мен тәжірибелік дағдыларын дамытады деп күтілуде.