Жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ: ЖАЗУ ЖӘНЕ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫ

Аталмыш тақырыпта бүгін филиалда жергілікті және орталық атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне 5 күндік біліктілік арттыру семинары басталды.
Семинардың мақсаты – ресми стильдің нормаларымен таныстыру, құжат мәтінінің құрылымы және мазмұнының ерекшелігін тәжірибелік жолмен меңгерту, тиімді коммуникацияға түсу талаптарын игерту, тақырыптың өзектілігін аша отырып, аргументті сөйлемдермен көпшілік алдында жүйелі сөйлеуге дағдыландыру.
5 күндік семинар барысында тыңдаушылар қызметтегі жүйелі сөйлеу мен жазуды қалыптастырумен қатар:
– Көшбасшылық
– Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
– Қызметті басқару
– Өзін-өзі дамыту
секілді кәсіби және тәжірибелік құзіреттіліктерді меңгереді.
Ресми стильдің ерекшеліктері және оның нормалары туралы Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Тілдерді дамыту, талдау бөлімінің басшысы Қуаныш Айгүл Базарбайқызы бөлісті.
Тілдік біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру: ресми хат, көпшілік алдында сөйлеу және шешендік өнер жөнінде педагогика ғылымдарының магистрі Нұртілеуова Жаннат Асылбекқызы баяндады.
Дәріс барысында тыңдаушылар белсенді түрде қатысып, өткен тақырыптан керек ақпаратты жадыға түйіп отырды.