ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Атырау облысы бойынша филиалында мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай қайта даярлау курсына қатысушы мемлекеттік қызметшілер арасында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін…» атты Development daу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Development day-ға арнайы Мұқағали атамыздың ауылдасы, ақынның өлең-жырларын жырлап жүрген, актер, театр фестивальдерінің лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қожабеков Сәбит Әбілұлы шақырылды. Сәбит ағамыз ақынның өткен өмірі, балалық шағы, өнері жөнінде біраз ақпараттар бере отырып, Мұқағали жырларымен сусындатты. Қазақтың қара домбырасымен әндерін шырқап, жас мемлекеттік қызметшілерге ақ батасын берді.
Семинар тыңдаушыларыда қазақ поэзиясының хан тәңірі Мұқағали атамыздың өлеңдерін оқып, «Мен деп ойла», «Бақыт» әндерін қосыла шырқады. Атап өтер болсақ, респубикалық ақындар айтысының жүлдегері, облыстық, республикалық «Жүрсіннің жүйріктері» атты байқаудың жеңімпазы Махамбет ауданы әкімінің көмекшісі Алшынбек Жандарбекұлы келген қонағамызға арнап өлең шығарып әдемі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара соңында филиал басшысы Бекіш Азамат қонағымыз Сәбит Әбілұлы мен семинар қатысушыларына алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.