Жаңалықтар

Мереке қарсаңында студент-жастармен кездесу өтті

25-қазан Республика күніне орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып студент-жастармен Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында кездесу өтті.
 
Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында өткен іс-шараға Департамент басшысы Ерлан Ермаханбетов қатысып, студенттерге мемлекеттік қызметке орналасудың алғышарттарын түсіндіріп, мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы ақпараттар ұсынды.
 
Болашақта мемлекеттік қызметші болудың және оған қандай дайындықта болу керектігі туралы мәліметтерімен бөлісті.
 
Кездесу соңында жастар мұражайдағы палеолит дәуірінен қазіргі заманға дейінгі Атырау өңірінің бай тарихымен танысып, Алтын адам бейнесі туралы құнды ақпараттар алып, уақыттарын тиімді өткізді.